freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның бірнеше өңірінде аптап ыстық пен дауыл күтіледі

Қоғам
Қазақстанның бірнеше өңірінде аптап ыстық пен дауыл күтіледі
Фото: magnific.com

14 маусымға арналған дауылды ескертуге сәйкес, еліміздің барлық 17 облысы мен Астанада қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Астана қаласы мен еліміздің барлық 17 облысында қолайсыз ауа райы күтіледі.

Елдің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін. Солтүстік, батыс және орталық облыстарда нөсер жауын мен дауылды жел болжанған.

Сонымен қатар Алматы, Жамбыл, Жетісу, Абай облыстарында және басқа да өңірлерде ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық сақталады.

Синоптиктер көптеген облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертіп, тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Астанада да жаңбыр, найзағай және күндіз бұршақ күтіледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу