freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі сезілді

Оқиға
Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі сезілді
Фото: pixabay

2026 жылғы 3 сәуір кешінде Ауғанстан аумағында болған жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде сезілді, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 21:13-те тіркелген. Жерасты дүмпулерін ТЖМ-ға қарасты Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер және ақпарат ғылыми орталығының станциялары анықтаған.

Алдын ала деректер бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 853 шақырым жерде орналасқан.

Сезілу күші Түркістан және Жамбыл облыстарының бірқатар елді мекендерінде шамамен 2 баллды құрады. Атап айтқанда, Шымкент, Тараз, Түркістан, Мырзакент, Жетісай, Сарыағаш, Шардара, Қазығұрт, Ленгер, Манкент, Ақсукент, Арыс, Темірлан, Сарыкемер, Меркі, Қаратау, Жаңатас, Кентау, Қордай, Шолаққорған және басқа да елді мекендерде әлсіз дүмпулер байқалған.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелген жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу