Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі маңызды мәлімдеме жасады

Саясат
Қазақстанның Түркиядағы елшілігі маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі қазақстандықтарға демонстрациялар мен митингілерге жеке қатысудан аулақ болуды сұрады. 

Қалыптасқан жағдайға байланысты халық көп жиналатын орындарға бармауға, шерулер мен митингілерге қатысудан бас тартуға, күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауға, қырағылық пен сақтыққа, жаңалықтарды қадағалап, биліктің нұсқаулықтарын орындауға және Қазақстан Республикасының Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға шақырамыз, — делінген елшілік хабарламасында.

Елшілік әлеуметтік желілерде демонстрациялар (митингтер) туралы ақпаратты және ағымдағы оқиғаларға қатысты жеке бағалар мен пікірлерді таратудан бас тартуға шақырды.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде демонстрациялар (митингтер) туралы ақпаратты және ағымдағы оқиғаларға қатысты жеке бағалар мен пікірлерді таратудан бас тартуға аса назар аударамыз, — делінген хабарламада.

Қазақстанның Түркиядағы шетелдік өкілдіктерінің жедел желі телефондары:
1. Қазақстан Республикасының Анкарадағы Елшілігі: +905352734496
2. Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығы: +905012621465
3. Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулдығы: +905394400522
4. Қазақстан Республикасының Измирдегі Бас консулдығы: +905530998789

Айта кетелік Түркиядағы наразылықтың саябырситын түрі жоқ.

Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның басты саяси қарсыласы Ыстанбұл қаласының мэрі Экрем Имамоглу мен оның баспасөз кеңесшісі Мұрат Онгун арнайы операция кезінде тұтқындалып, сотқа берілгенін жазған едік.  

Фото: pixabay.com

 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу