freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазгидоомет 16 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады

Қоғам
Қазгидоомет 16 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады
Фото: istochphotot

«Қазгидромет» 2026 жылғы 16 тамызға Қазақстан аумағы бойынша ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жексенбі күні елдің басым бөлігінде найзағаймен жаңбыр жауады. Солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік пен шығыста бұршақ, ал солтүстік, шығыс және оңтүстік өңірлерде шквал болжанады.

Республика бойынша жел күшейеді. Күндіз оңтүстік облыстарда шаңды дауыл болуы мүмкін. Батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі.

Ауа температурасы:

Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында – +41…+42°C;

Түркістан облысында – +40°C;

Жамбыл облысында – +38…+40°C;

Шығыс Қазақстан облысы, Абай облысы, Қарағанды облысының оңтүстігі, Алматы және Жетісу облыстарында – +35…+39°C.

Бірқатар өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Төтенше өрт қаупі Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Жетісу және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ бірқатар басқа өңірлердің жекелеген аудандарында болжанады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу