Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазгидромет 1 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Қоғам
Қазгидромет 1 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады
Фото: freepik.com

«Қазгидромет» мәліметінше, 1 ақпанда Қазақстанның барлық өңірінде ауа райының қолайсыз құбылыстары күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz. 

Ел аумағында тұман, көктайғақ, кей өңірлерде жауын-шашын, төменгі боран және екпінді жел болжануда.

Оңтүстік, батыс, солтүстік және орталық аймақтарда тұман мен көктайғақ күтілсе, таулы өңірлерде желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Жетісу өңіріндегі Алакөл маңында жел екпіні 28 м/с-қа дейін күшейеді.

Павлодар, Өскемен, Риддер және Семей қалаларында қолайсыз метеожағдайларға байланысты ауа ластануының жоғары деңгейі сақталады.

Мамандар жол қозғалысына қатысушыларды және тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу