freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Қазына» өнерпаздары Құрылтай сайлауына қатысты

Қоғам
«Қазына» өнерпаздары Құрылтай сайлауына қатысты

Шымкент қаласындағы Көрме орталығында орналасқан №360 сайлау учаскесіне елге танымал «Қазына» би ансамблінің өнерпаздары келіп, өз азаматтық таңдауын жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық өнерді ұлықтап, қазақ биінің көркемдігін халықаралық сахналарда танытып жүрген шығармашылық ұжым мүшелері ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысу арқылы азаматтық жауапкершілігін танытты.

Дауыс беруге ұлттық нақыштағы сәнді киімдерімен келген өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салып, сайлау учаскесіндегі тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қазақ биінің қимыл өрнегі мен ұлттық киімнің жарасымы сайлау күнінің айрықша көрінісіне айналды.

«Қазына» би ансамблі қазақтың би өнерін дәріптеп, ұлттық мәдениетті насихаттап келеді. Өнерпаздардың сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауын жасауы елдік құндылық пен азаматтық жауапкершіліктің өзара сабақтастығын көрсетті.

Осылайша, өнер иелері ел болашағына қатысты маңызды қоғамдық науқанға өз үлесін қосып, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу