Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қорадан да жаман. Алатаулық жас дәрігер қызметтік пәтердің сиқынан шошыды

Қоғам
Қорадан да жаман. Алатаулық жас дәрігер қызметтік пәтердің сиқынан шошыды
ФОТО: © ШҚО әкімдігі

Медицина қызметкерлер тапшы Алатау қаласына жұмысқа барған жас дәрігер Әнел Жұмаділ қызметтік пәтер мен көтермеақы уәдесіне сеніп, ресми түрде еңбек шартына отырған. Бұл туралы Azattyq Rýhy басылымының тілшісі Аягөз Құрмаш жазыпты.

Алайда қалаға келген кезде дәрігер күтпеген жағдайға тап болғанын айтады. Оның сөзінше, алғаш ұсынылған қызметтік пәтер өте нашар болған: үй ішінде қоқыс, ішімдік бөтелкелері шашылып жатқан, жөндеу жүргізілмеген, төбесі ішінара опырылған, санитарлық жағдайы талапқа сай емес. Дәрігер мұндай баспанадан бірден бас тартқанын жеткізеді.

Кейін ол пәтердің видеосын әлеуметтік желіге жариялаған. Бұл ахуалға желі қолданушылары да наразы болып, мәселе қоғам талқысына шықты.

Әнел Жұмаділдің айтуынша, өңірге маман тарту үшін ұсынылатын тұрғын үй қауіпсіз әрі өмір сүруге жарамды болуы тиіс. Ол бұл жағдайды «кадрларды қолдау емес, тек есеп үшін жасалған көзбояу» деп бағалады.

Сонымен бірге дәрігер жұмысқа орналасу барысында тұрғын үй сатып алуға 9,8 млн теңге көлемінде қолдау берілетіні ресми түрде айтылғанын атап өтті. Бірақ еңбекке кіріскеннен кейін ғана оған бұл бағдарламаның 15 желтоқсаннан соң тоқтатылғаны хабарланған.

«Алдымен мемлекеттік қолдау уәде етіліп, адам ресми түрде жұмысқа алынғаннан кейін “бағдарлама жабылды” деу — жауапсыздық. Бұл жеке компания емес, бұл халықтың жүйеге деген сеніміне жауапты мемлекеттік құрылымдар», —

деп жазыпты дәрігер.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу