Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанай облысында құлаған ұшақтың бортында науқас болған

Қоғам
Қостанай облысында құлаған ұшақтың бортында науқас болған

Қостанай облысында қатты желдің салдарынан апатқа ұшыраған санавиация ұшағында инфаркт алған науқас болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, 3 мамыр күні медициналық авиацияға 1964 жылғы науқасты тасымалдау туралы өтінім түседі.

Пациент миокард инфарктісін алған.

Сырқатты облыстық ауруханаға жеткізу үшін екі ұшқыш, дәрігер мен фельдшерден құралған бригада әуеге көтерілген.

Болжам бойынша, ұшақ қатты желден әуеге көтерілген кезде аударылып кеткен. Пациент жарақат алған жоқ, жағдайы тұрақты күйде Арқалық ауруханасына жеткізілді. Қазір емделіп жатыр, - делінген хабарламада.

Санавиация бригадасы да апаттан аман қалды, дәрігерлердің бақылауында.

Бүгін дәл сол бригада мүшелері науқасты көлікпен Қостанайға тасымалдауды жоспарлап отыр.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу