Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанай облысының мектептері қашықтан оқытуға көшті

Денсаулық
Қостанай облысының мектептері қашықтан оқытуға көшті
Фото: ng.kz

Қостанай облысында суық тию және ЖРВИ бойынша сырқаттанушылық күрт өсті. Облыстың денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, өткен аптада өсім 1,4 есе болса, соңғы жеті күнде бұл көрсеткіш 1,8 есеге жеткен, деп хабарлайды Malim.kz ng.kz-ке сілтеме жасап.

Ресми деректерге сәйкес, соңғы аптада облыста 10 512 ЖРВИ жағдайы тіркелген, сырқаттанушылық деңгейі 100 мың халыққа 1 264,9 көрсеткішін құрады. Бұған дейін 5 545 жағдай тіркелген, яғни 100 мың тұрғынға 667,3 жағдай болған.

Сырқаттанғандардың 61,9%-ы, яғни 6 510 адам – 14 жасқа дейінгі балалар. 1 жасқа дейінгі балалар арасында 210 жағдай тіркеліп, бұл барлық сырқаттанушылардың 2%-ын құрайды.

Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігерінің бұйрығына сәйкес, толық мектеп пен сыныптарды қашықтан оқытуға көшіру тек рұқсатпен жүзеге асады. Ал жергілікті деңгейде, егер сыныптағы (немесе топтағы) сырқаттанғандардың саны 20–30%-дан асса, білім беру ұйымы өз шешімімен қашықтан оқытуға көшеді.

25 қарашада Қостанай қаласының білім бөлімі хабарлағандай, ЖРВИ мен тұмау сырқаттанушылығының өсуі және оқушылар мен педагогтар арасында қайталама жағдайлардың көбейгеніне байланысты, қаланың мектептері мен колледждері педагогикалық кеңестер мен директорлардың бірлескен шешімімен 25 қарашадан бастап апта соңына дейін қашықтан оқытуға көшірілді.

Апта соңында эпидемиологиялық жағдайға байланысты келесі оқу форматы туралы шешім қабылданады.

Қазіргі таңда қаладағы 37 жалпы білім беретін мектеп, 2 колледж толық немесе ішінара қашықтан оқытуға көшкен.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу