Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанайда полиция мектептегі теракт туралы хабарлама авторын іздестіріп жатыр

Сұқбат
Қостанайда полиция мектептегі теракт туралы хабарлама авторын іздестіріп жатыр

Облыстық Полиция департаменті әлеуметтік желілерде Қостанайдағы бірнеше мектепте белгісіз біреулер теракті жасауға дайындалып жатыр деген жалған ақпарат таралып жатқанын айтты.

«Террорлық акт туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір хаттардың авторын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Арандатушылыққа бой алдырмай, хабарламаларды таратпауға және тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - дейді ПД.

Сондай-ақ, ақпан айының басында Қостанай қаласындағы мектептердің бірінде осындай хабарламалар жіберілгенін еске салды. Артынша полицейлер 10 жастағы мектеп оқушысын анықтады.

 

Фото: ашық дереккөзден

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу