freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Құлсарыдағы мектепте балта ала жүгірген оқушы үйқамаққа жіберілді

Оқиға
Құлсарыдағы мектепте балта ала жүгірген оқушы үйқамаққа жіберілді
Фото: видеодан кадр

Атырау облысында қылмыстық іс бойынша күдіктелген 10-сынып оқушысы қамауға алынбай, үйқамаққа жіберілді. Себебі Жылыой аудандық сотының 2026 жылғы 6 ақпандағы қаулысымен мектеп оқушысына қатысты бұлтартпау шарасы қаралды, деп хабарлайды Malim.kz todayinfo.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу органы оның 2 айға қамауда болуын сұрағанымен, сот өтінішті қанағаттандырмай, 6 ақпаннан 6 сәуірге дейін үйқамаққа алу туралы шешім шығарды.

Сот өз шешімінде оқушының кәмелетке толмағанын, мектепте оқитынын, тұрақты мекенжайы мен оқу орнының бар екенін, бұрын сотталмағанын және қылмыстың ашылуына көмектескенін ескерген.

Сонымен қатар, қатаң бұлтартпау шарасын қолдануға нақты себеп жоқтығын көрсеткен.

Осылайша қаулы бойынша күдікті дереу қамаудан босатылды. Үйқамақ кезінде белгілі бір шектеулер қойылғанымен, ол денсаулығына байланысты медициналық ұйымдарға баруына және оқу кестесіне сай сабаққа қатысуына рұқсат етілген.

Күдіктінің мінез-құлқын бақылау Жылыой аудандық полициясына тапсырылды. Қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, Атырау облысы Құлсары қаласында 10-сынып оқушысы қатарластарына балтамен шабуыл жасаған еді. Оқиға салдарынан екі оқушы жеңіл дене жарақатын алған болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу