Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Құтқарушыны пышақтаған күдікті екі айға қамауға алынды

Қоғам
Құтқарушыны пышақтаған күдікті екі айға қамауға алынды

Көп кешікпей құтқарушыға шабуылдаған Қазталов ауданының 31 жастағы А-есімді күдікті екені анықталды. 
Оқиға құтқарушылар тұрғындарды Қараөзен өзенінің арғы бетіне өткізу кезінде болған. Ішімдік ішкен екі азамат ТЖМ қызметкерлеріне келіп, жанжал шығарған. Кейіннен қызметтегі сержанқа қарсы суық қару қолданған.
Казталов аудандық соты аудан прокуратурасының ҚР ҚК 380-бабы 5-бөлігіне сәйкес қылмысты жасаған 1993 жылғы күдіктіні  2 айға қамау туралы өтінішхатын қанағаттандырған.
Жарақат алған азаматтың қазіргі жағдайы жақсы. Ол Жалпақтал ауылындағы № 2 Казталов аудандық ауруханасында емделіп жатыр. 
 Еске салсақ, бұған дейін Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушыны пышақтап кеткенін жазған болатынбыз.

Кейін осы қылмысқа күдікті ретінде Жалпақтал ауылының тұрғыны ұсталды.
Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу