Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Құзға өрмелеуден «Бурабай-2024» республикалық фестиваль өтті

Спорт
Құзға өрмелеуден «Бурабай-2024» республикалық фестиваль өтті

Бурабай демалыс кентінде Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына және Астана қаласының туған күніне орай 5-ші мәрте құзға өрмелеуден «Бурабай-2024» республикалық фестивалі өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Спорт және дене шынықтыру комитетінің мәлумдеуінше, ауқымды жарысқа Астана, Көкшетау, Шучинск қалалары мен Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысынан келген 200-ден астам әуесқой спортшы қатысты.

Комитет мәліметінше, еліміз биыл Париж олимпиадасына құзға өрмелеуден лицензия алған.

Iс-шара барысында қатысушылар физикалық дайындығына байланысты бірі – биіктігі 300 метрді құрайтын «Оқжетпес» шыңын бағындырса, бірі – үш әпке шоқысына көтерілді.

Құзға өрмелеуден «Бурабай-2024» республикалық фестивалінде жалпыкомандалық есепте Солтүстік Қазақстан облысының командасы І орын алды. Шучинск қаласының командасы ІІ орын, ал Қостанай облысы ІІІ орынға тұрақтады.

Фото: gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу