Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ҚХА аймақтарға 30 млн гуманитарлық көмек жинады

Қоғам
ҚХА аймақтарға 30 млн гуманитарлық көмек жинады

Бүгін елордалық Достық үйінің ғимаратында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық және өңірлік штабтарының бірлескен онлайн отырысы өтті.

Отырысқа ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Парламент Сенатының депутаттары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде ҚХА өңірлік штабтарының жұмысын үйлестіру мәселелері қаралды.

Анықтама: Барлық өңірлердегі Достық үйлерінде штабтар, волонтерлік орталықтар және гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ұйымдастырылған. Бүгінгі таңда гуманитарлық көмекке 30 млн теңгеден астам қаржы жиналды.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» арнайы жобасы іске қосылды. Жоба аясында «Ассамблея жастары» ұйымы, еріктілер орталықтары және ҚХА-ның белсенді мүшелері су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арнайы көмек көрсетеді. Гуманитарлық жүктерді жөнелту жұмыстары жүріп жатыр. Бүгін Қарағанды және Ақмола облыстарына көмек жіберіледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу