Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қырғызстанда шенеуніктерге тойға баруға тыйым салынды

Әлем
Қырғызстанда шенеуніктерге тойға баруға тыйым салынды

Қырғызстанда Үкімет мүшелеріне тойға баруға тыйым салынды, деп хабарлайды Malim.kz 24.kg-ге сілтеме жасап.

Қырғызстанның Президент әкімшілігі алқасының отырысында елдің Премьер-министрі Ақылбек Жапаров Үкімет мүшелеріне тойға баруға тыйым салды.

Оның айтуынша, Президенттің жарлықтары мен тапсырмалары сапалы әрі мерзімінде орындалуға тиіс. Сонымен қатар ол Садыр Жапаровтың той өткізу кезінде ысырапшылдыққа тыйым салу туралы жарлығына тоқталды.

Қайда ысырапшылдық бар, ол жерге бармаңыздар. Тойға бармаңыздар, - деді Ақылбек Жапаров.

2022 жылы ақпанда Қырғызстанда Президенттің жарлығына қол қойылып, іс-шаралар кезіндегі шектеулер туралы заң күшіне енді. Мақсаты - азаматтардың әлеуметтік және экономикалық өмір сүру деңгейін арттыру, сондай-ақ, ысырапшылдықтың алдын алу.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу