Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев сотталды

Әлем
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев сотталды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды, деп хабарлайды Malim.kz Kaktus.media-ға сілтеме жасап.

Бүгін Бішкектің Бірінші май аудандық сотында бірнеше қылмыстық іс, соның ішінде бес жылға созылған Қой-Таш оқиғасы бойынша сот процесі жалғасты.

Кеңесу бөлмесінен оралған судья Әзірет Медеров экс-президент Алмазбек Атамбаевты 11 жыл 3 айға соттауға үкім шығарды. Оның мүлкі тәркіленеді, мемлекеттік наградаларынан айырылады.

Сондай-ақ Атамбаевтың серіктестеріне де үкім шықты:

Фарид Ниязов – 7 жыл 8 ай;

Равшан Жээнбеков – 7 жыл 8 ай;

Атамбаевтың бұрынғы оққағары Қанат Сағымбаев – 7 жыл 6 ай. Бірақ бас бостандығынан айырудан 5 жылға пробациялық бақылауға жіберілді;

Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Абдылда Суранчиев - ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазасыз қалды;

Нарын облысы губернаторының бұрынғы орынбасары Исабек Әбдіғазиев - ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазасыз қалды.

Бұлардан бөлек, тағы бірнеше адам сотталды.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 7 тамызында Қырғызстанның арнайы жасағы Алмазбек Атамбаевтың Қой-Таштағы резиденциясын шабуылмен алуға тырысқан болатын. Келесі күні арнайы жасақ Атамбаевты резиденциясынан алып шықты.

Фото: www.instagram.com/p/CWwv8pSKS5V/?hl=ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу