Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қытай Тайваньға қатысты мәлімдеме жасаған Жапонияға “қатаң шаралар” қолданатынын ескертті

Әлем
Қытай Тайваньға қатысты мәлімдеме жасаған Жапонияға “қатаң шаралар” қолданатынын ескертті
Фото; mfa.gov.cn

Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мао Нин Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити Тайвань туралы айтқан “дұрыс емес мәлімдемелерінен” бас тартпаса және “қате бағытты” жалғастыра берсе, Бейжіңнің “өзге жолы қалмайтынын” және “қосымша шаралар қабылдауға мәжбүр болатынын” ескертті, деп хабарлайды Malim.kz DW-ға сілтеме жасап.

Министрліктің күнделікті брифингінде Мао Нин Жапония екі ел арасындағы қатынастардың “саяси негізін” қорғау үшін нақты қадамдар жасауы керек екенін айтты.

Оның сөзінше, Такаитидің мәлімдемесі Қытай мен Жапония арасындағы байланыстарға “негізді зиян” келтірген.

Сондай-ақ Қытай СІМ Токио “қателіктерді жалғастыра берсе”, Бейжің “қатаң әрі шешімді шаралар” қабылдайтынын жеткізді.

Қытай дипломаты өз сөзінде жақында Қытайға жапон теңіз өнімдерін импорттауға енгізілген тыйымға да тоқталды.

“Қазіргі жағдайда жапон теңіз өнімдері Қытайға экспорт сақталған күннің өзінде нарық таба алмас еді”, — деді Мао Нин.

КНР СІМ өкілінің бұл мәлімдемесі екі ел арасындағы шиеленістің ушығып тұрған тұста жасалды. Бұған Жапония премьері Такаитидің 7 қарашада парламентте сөйлеген сөзінде Қытай Тайваньға шабуыл жасаса, Токио әскери жауап қарастыруы мүмкін екенін жоққа шығармағаны түрткі болды. Бұл пікір Бейжіңнің ашуына тиіп, Қытай Жапониядан мұндай позициядан бас тартуды талап етті. Сондай-ақ Қытай билігі азаматтарына Жапонияға барудан бас тартуды ұсынды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу