Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың қазіргі жағдайы белгілі болды

Қоғам
Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың қазіргі жағдайы белгілі болды

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствоның баспасөз мәслихатында  Қытайда сотталған Қазақстан азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Соңғы 6-7 жылда әлеуметтік желіде неше түрлі ақпарат шықты. Біреуін де растаған жоқпыз. Сондықтан оған қатысты ақпаратты растай алмаймын. Егер қандай да бір сұрақтарыңыз болса, Бас прокуратураға хабарлассаңыз болады. Экстрадицияға осы мемлекеттік орган жауап береді», - деді ол.

БАҚ өкілдері Сыртқы істер министрлігі Ақжарқын Тұрлыбаймен соңғы рет қашан байланысқанын сұрады.Б

із байланыстамыз, жағдайы жақсы», - деді Айбек Смадияров.

Ал «Ол туысқандарымен қанша рет кездеседі», - деген сұраққа: «Оны бізге айтқан жоқ», - деп жауап берді.

Естеріңізге салайық, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайынан 4 жарым келі есірткі алып өтпек болды деп айыпталған еді. Бір жылдан соң Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Ал отандасымыз өзін шетелдік досы, яғни Адиндо Нонсо Фортуненің арбауына түсіп қалғанын айтқан еді.

Фото: Facebook/Cұңқар Нұрмағамбетов

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу