freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қытайдан көлік алған қазақстандықтардың шоттары бұғатталып жатқаны рас па? Кірістер комитеті жауап берді

Қоғам
Қытайдан көлік алған қазақстандықтардың шоттары бұғатталып жатқаны рас па? Кірістер комитеті жауап берді
Фото:banki.ru

ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) қытайлық BYD маркалы автокөліктерді сатып алған қазақстандықтардың банктік шоттары жаппай бұғатталып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде BYD көліктерін тіркеу барысында кеткен қателіктерге байланысты кеден органдары көлік иелерінің банктік шоттарын бұғаттап, қосымша салықтар мен айыппұлдарды төлеуді талап етіп жатқаны туралы ақпарат тараған еді.

Алайда Мемлекеттік кірістер комитеті бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Комитеттің хабарлауынша, мәселе барлық көлік иелеріне емес, кедендік рәсімдеу кезінде жалған мәлімет ұсынған жағдайларға қатысты.

«Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар BYD маркалы гибридті көлік құралдарын кедендік декларациялау кезінде жалған мәліметтер берген жағдайларға байланысты салық төлеушілердің жеке кабинеттеріне анықталған бұзушылықтар туралы хабарламалар жіберілді. Бұл хабарламалар тек 623 көлік құралына қатысты, оларды 450 сыртқы экономикалық қызметке қатысушы рәсімдеген», – делінген ресми мәлімдемеде.

МКК дерегінше, қазіргі уақытта тек 45 заңды тұлға мен жеке кәсіпкердің банктік шоттарына ғана шектеу қойылған.

Ведомство мұндай бақылау шаралары гибридті көліктердің электр қозғалтқышының 30 минуттық қуаты туралы жалған ақпарат беру жағдайларының көбеюіне байланысты қолға алынғанын атап өтті. Мұндай әрекеттер нәтижесінде кейбір көлік иелері кедендік баж салығынан заңсыз босатылған.

Сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары тексеру барысында BYD компаниясының ресми өкілдері ұсынған көліктердің зауыттық техникалық сипаттамаларын пайдаланатынын мәлімдеді.

Осылайша, комитет BYD көліктеріне қатысты жүргізіліп жатқан шаралардың жаппай сипатқа ие емес екенін және тек анықталған заң бұзушылықтарға байланысты қабылданып отырғанын атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу