Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қыз зорлады деп айыпталған Жанқоштың қылмыстық ісі тоқтатылды

Құқық
Қыз зорлады деп айыпталған Жанқоштың қылмыстық ісі тоқтатылды

Қыз зорлады деп айыпталған танымал боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, боксшыға қатысты қылмыстық іс 2024 жылдың 20 қазанында тоқтатылған.

Іс жүргізу аясында сот-медициналық және сот-биологиялық сараптама жүргізіліп, сараптама қорытындылары бойынша зорлау фактісі расталмады, - делінген полиция хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін боксшы Жанқош Тұраровтың қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы жазған едік. Алайда боксшы желідегі парақшасында ақпаратты жоққа шығарды. 

Ал Жанқош Тұраров зорлады деп арыз жазған Әнару Құрманәлі есімді ару танымал композитордың қызы болып шықты. 

Фото: instagram.com/zhankoshturarov

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу