freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызылордада сайлауға ғарышкер костюмін киіп келген азамат көпшілікті таңғалдырды

Қоғам
Қызылордада сайлауға ғарышкер костюмін киіп келген азамат көпшілікті таңғалдырды

Байқоңыр қаласындағы №122 сайлау учаскесіне ерекше киімдегі сайлаушы келіп, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қаланың белсенді азаматы Құрылтай депутаттарының сайлауына ғарышкер костюмін киіп келіп, өзінің азаматтық таңдауын жасады.

Ғарыш әлемімен тығыз байланысты Байқоңыр қаласында мұндай бейненің сайлау учаскесінде көрініс табуы көпшіліктің қызығушылығын тудырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Тұрғындар онымен естелік суретке түсіп, жылы лебіздерін білдірді.

Байқоңыр – адамзаттың ғарышты игеру тарихында айрықша орны бар, алғашқы ғарыш сапары басталған тарихи мекен.

Осыған орай ғарышкер бейнесіндегі азаматтың дәл осы қаладағы сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруі символдық мәнге ие болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу