freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызылша құтырып барады. Ақтөбеде ауру жұқтырғандар үш есе көбейді

Денсаулық
Қызылша құтырып барады. Ақтөбеде ауру жұқтырғандар үш есе көбейді
freepik.com

Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, былтыр 32 адамнан қызылша анықталып, емделді. Ал биыл қаңтар айынан бері өсім байқалып, 173 адам ем қабылдады. Өсім – 3,3 есе, деп хабарлайды Malim.kz kazinform.kz-ке сілтеп. 

Қаңтар айынан бастап күні бүгінге дейін 173 адамға қызылша диагнозы қойылды. Олардың 155-і бала. Яғни жасы 14-ке толмағандар. Сонымен бірге біреуі жасөспірім, 17-сі ересек. Қызылша жұқтырғандардың 76,3%-ы екпе алмаған, яғни балалар. Негізгі себебі – медициналық қарсы көрсетілімі бар, ата-ананың қорқынышы, сенімсіздігі. Діни немесе жеке көзқарастар да бар. Вакцина алған балаларда екпеден соң асқыну болмады, кері әсері тіркелмеді. Осыған байланысты ата-аналар мен тұрғындарды балаларын уақтылы вакцинациялауға шақырамыз. Қызылша ауруы асқынса адам отит, ларингит, энцефалит, бронхопневмонияға шалдығып, соқыр болып қалуы мүмкін. Тіпті миы қабынады, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Ақтөбе облысында 2024 жылы 3 700-ден астам адам қызылша жұқтырса, былтыр тек 32 дерек тіркелді. Ол үшін өңірде қосымша вакцинациялау жүргізілді. Өңірде кішкентай балалармен қатар жасөспірімдер де екпе қабылдады. Ол үшін өңірде қосымша вакцинациялау жүргізілді. Өңірде кішкентай балалармен қатар жасөспірімдер де екпе қабылдады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу