Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қызының мәйіті қонақ үйден табылды": Танымал актердің отбасында қайғылы жайт орын алды (ФОТО)

Әлем
"Қызының мәйіті қонақ үйден табылды": Танымал актердің отбасында қайғылы жайт орын алды (ФОТО)
ашық дереккөзден

АҚШ-тың танымал актері Томми Ли Джонстың 34 жастағы қызы Виктория Калифорния штатындағы қонақүйлердің бірінен өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл ақпаратты NBC Bay Area телеарнасы дереккөздерге сілтеме жасап растады. Ал TMZ порталының мәліметінше, марқұмның денесі 1 қаңтар күні таңертең Сан-Францискодағы Fairmont San Francisco қонақүйінен анықталған.

Алдын ала дерекке сәйкес, түнгі сағат 04:00 шамасында оқиға орнына полиция қызметкерлері жетіп, артынша парамедиктер мен сот-медициналық сарапшы шақырылған.

Қазіргі таңда өлімнің нақты себебі белгісіз. Аталған дерек бойынша тергеу жұмыстарын Сан-Франциско полиция департаменті жүргізіп жатыр.

Виктория – Томми Ли Джонс пен Кимберли Клоуглидің қызы. Сондай-ақ олардың Остин Джонс есімді 43 жастағы ұлы бар.

Құзырлы органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда, қосымша ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу