ІІМ жаңа рақымшылыққа 2 902 әйелдің ілігуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Олардың 249-ы бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр, басым бөлігі пробациялық бақылауда, ал тағы бір бөлігі тергеу сатысында.
Кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер мен жүкті әйелдерге ерекше назар аударылған. Рақымшылық шарасы мұндай санаттағы 200-ден астам әйелге қатысты қолданылуы мүмкін.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, рақымшылық автоматты түрде берілмейді. Әрбір адамға қатысты шешім қылмыстық бабы, мінез-құлқы, келтірілген шығынның өтелуі және басқа да мән-жайлар ескеріле отырып қабылданады.