Сағат 20.00-ге азаматтардың келуінің алдын ала қорытындылары жария болды, деп хабарлайды Malim.kz.
Орталық референдум комиссиясы Қазақстан Республикасындағы барлық референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталғанын хабарлайды. Учаскелік комиссиялар дауыстарды санауға кірісті. Қолданыстағы заңдар нормаларына сәйкес референдум учаскелерiнде дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталған сәттен бастап, он екі сағаттан аспауы тиiс.
Аумақтық комиссиялар Орталық референдум комиссиясына электрондық байланыс арналары арқылы дауыс беру мен есептеудің алдын ала нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынады.
Орталық референдум комиссиясы хабарлайды:
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі азаматтардың келуі төмендегідей:
Абай облысы 75,45 %
Ақмола облысы 79,82 %
Ақтөбе облысы 87,05 %
Алматы облысы 71,46 %
Атырау облысы 74,04 %
Батыс Қазақстан облысы 68,94 %
Жамбыл облысы 85,06 %
Жетісу облысы 78,49 %
Қарағанды облысы 84,30 %
Қостанай облысы 81,21 %
Қызылорда облысы 93,04 %
Маңғыстау облысы 77,89 %
Павлодар облысы 75,51 %
Солтүстік Қазақстан облысы 70,52 %
Түркістан облысы 84,03 %
Ұлытау облысы 73,15 %
Шығыс Қазақстан облысы 86,42 %
Астана қаласы 60,36 %
Алматы қаласы 33,43 %
Шымкент қаласы 75,82 %.
Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 126 850 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 73,24 пайызын құрады.
Референдумның алдын ала қорытындылары арнайы хабарланатын болады. Оның уақыты қосымша хабарланады.