freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресей соты қазақстандық рэперге 500 мың теңгеден астам айыппұл салды

Құқық
Ресей соты қазақстандық рэперге 500 мың теңгеден астам айыппұл салды
Ганвесттің парақшасы

Мәскеудің Таган аудандық соты танымал рэпер, Ганвест сахналық атымен танымал Руслан Гоминовқа қатысты әкімшілік іс бойынша шешім шығарды. Музыкантқа 95 000 рубль не 576 мың теңге айыппұл төлеу міндеттелді. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеп хабарлайды.

Сот рэпердің әнін заңсыз деп тапты. Ол "адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық қауіпсіздікті қорлайтын" контентті таратқаны және басқаларға ашық құрметсіздік көрсеткені үшін кінәлі деп танылды.

Үкім Ресей Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 20.1-бабының III бөлігі бойынша шықты. 

Бұған дейін де рэперге тыйым салынған заттарды насихаттағаны үшін іс қозғалған.

Екінші әкімшілік құқықбұзушылық бойынша хаттама әлі жасалған жоқ. Құқық қорғау органдары атақты музыканттың қызметін тергеуді жалғастырып жатыр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу