Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресей Украина батысын «Орешник» зымыранымен атқылады

Әлем
Ресей Украина батысын «Орешник» зымыранымен атқылады
Фото: Valentyn Ogirenko/REUTERS

Ресей Қарулы күштері Украинаға, оның ішінде орта қашықтықтағы жылжымалы жерүсті зымыран кешені – «Орешникпен» «жаппай соққы» жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде бұл соққы 2025 жылғы 29 желтоқсанға қараған түні Украина ұшқышсыз ұшу аппараттары Новгород облысындағы РФ президенті Владимир Путиннің резиденциясына шабуыл жасады деген уәжге жауап ретінде жасалғаны айтылған.

«Орешник» зымыраны Польша шекарасынан шамамен 40 шақырым қашықтықтағы нысанаға бағытталған. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, соққы дрондар құрастыратын зауыт пен «Украинаның әскери-өнеркәсіп кешенін энергиямен қамтамасыз ететін» инфрақұрылымға жасалған.

БАҚ деректеріне сүйенсек, нысана ретінде Стрый газ кен орны мен жерасты газ қоймасы болуы мүмкін. РФ Қорғаныс министрлігі бұл соққыны да желтоқсан айында Украина Қарулы күштері Владимир Путиннің резиденциясына шабуыл жасады деген мәлімдемеге жауап деп атады.

Бұған дейін Ресей «Орешник» зымыранын 2024 жылғы 20-21 қарашаға қараған түні Днепр қаласына соққы жасау үшін қолданған болатын. Ол кезде РФ президенті Владимир Путин бұл соққы «ядросыз гипердыбысты баллистикалық зымыранмен» жасалғанын мәлімдеген. Ресей басшысының айтуынша, «Орешник» зымыранының ұшу қашықтығы 1000-нан 5500 шақырымға дейін жетеді.

Еске салсақ, Путин қараша айында Украинаны «Орешник» зымыранымен атқылайтынын мәлімдеген еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу