Ресей сенбіге қараған түні, 7 ақпанда, Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына жаппай шабуыл жасады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Негізгі соққы елдің батыс аймақтарына бағытталған. Атап айтқанда, Киев, Хмельницкий, Ровно, Тернополь, Винница, Ивано-Франковск және Львов облыстары атқылауға ұшырады.
Telegram-дағы Insider.ua арнасының мәліметінше, 750 кВ «Киевская» және 750 кВ «Батыс Украина» қосалқы станциялары, сондай-ақ Бурштын, Добротвор және Триполь жылу электр орталықтары (ЖЭО) шабуылға ұшыраған. Соның салдарынан елдің дерлік барлық өңірлері қамтылған.
Ивано-Франковск қаласының билігі тұрғындарды ауызсу қорын алдын ала дайындауға шақырды.