Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейден пойыз, Беларусьтен ұшақ көп келетін болады

Сұқбат
Ресейден пойыз, Беларусьтен ұшақ көп келетін болады

Ресеймен теміржол қатынасы 2020 жылы пандемия басталғанда тоқтап қалған. Бірінші болып жанданатын «Атырау – Астрахань» бағыты 20 сәуір Астраханға кетіп, 21 сәуір Атырауға қайтып оралады. Сонымен қатар, маусым айынан бастап, «Алматы – Саратов», «Қарағанды – Самара», «Алматы – Новосібір», «Қарағанды – Омбы», «Алматы – Қазан» бағытындағы пойыздар жүретін болады.

Ал беларустік Белавиа компаниясы Минкстен Нұр-Сұлтан мен Алматыға ұшатын рейстердің санын арттырды. Енді Қазақстанға аптасына 14 рейс қатынайтын болады.

Жолаушылардың ПТР-тест қорытындысы немесе вакцинация паспорты болуы шарт.

Айта кетейік, Ресейдің Украинаға ашқан соғысынан кейін көптеген елдер осы соғысты бастаған Ресеймен оны ашық қолдаған Беларусьпен әуе және теміржол байланыстарын үзген. Тіпті олардың ұшақтары үшін өз аспандарын жапқан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу