Ресейлік және кеңестік танымал тележүргізуші Александр Масляков 83 жасында дүниеден озды. Бұл туралы КВН халықаралық одағы мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
«2024 жылдың 8 қыркүйегінде Александр Васильевич Масляковтың қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Ол КВН қозғалысының барлық қатысушылары мен миллиондаған көрермендер үшін мәңгілік аңыз болды және болып қала береді», - деп хабарланды КВН ресми парақшасында.
А. Масляков 1964 жылдан бері "КВН" бағдарламасын жүргізіп, Ресейде және одан тыс жерлерде әзіл мен сатираның символына айналды.