Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Республикалық дерматология орталығының басшысы 5 млн теңге парамен ұсталды

Құқық
Республикалық дерматология орталығының басшысы 5 млн теңге парамен ұсталды

Алматыдағы Республикалық дерматология ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасары сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәлімдеуінше, Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп бастаған.

Олар медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасқаны үшін халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының басшысынан 5 млн теңге пара алу бойынша күдікке ілінді, деп жазылған Агенттік мәлімдемесінде.

Сот санкциясымен аталған орталық басшысы қамауға алынған, тергеу жалғасып жатыр.

Фото: yandex.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу