Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Рубио Украина жоспарына қатысты мәлімдемелерді жоққа шығарды

Әлем
Рубио Украина жоспарына қатысты мәлімдемелерді жоққа шығарды
Фото: Mark Schiefelbein/AP/dpa/picture alliance

Екі америкалық сенатор мемлекеттік хатшы Марко Рубиоға сілтеме жасап, Украинадағы соғысты аяқтауға қатысты БАҚ-та талқыланып жатқан жоспар АҚШ-тың емес, “ресейліктердің тілек-тізімі” екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Алайда Рубио олардың сөзін жоққа шығарды.

Соңғы күндері БАҚ-та таратылып жүрген, Трамптың “бейбіт жоспары” деп аталған Украинадағы соғысты тоқтату жоспары – АҚШ-тың емес, Ресейдің ұсынысы. Екі америкалық сенатордың айтуынша, Рубио бұл туралы 22 қараша, сенбі күні Канададағы Галифакс қаласында өткен халықаралық қауіпсіздік форумында АҚШ Сенаты делегациясының мүшелерімен телефон арқылы сөйлесу барысында айтқан. Алайда кейін Рубио сенаторлардың сөзін жоққа шығарды.

“Бұл — біздің ұсынымымыз емес, бұл — біздің бейбіт жоспар емес”, — деді республикалық сенатор Майк Раундз іс-шарада журналистерге, оның сөзін dpa агенттігі келтіреді. Ол құжат жарияланбағанын, “сыртқа шығып кеткенін” атап өтті. Ал тәуелсіз сенатор Ангус Кинг бұл 28 тармақтан тұратын жоспарды “негізінен ресейліктердің тілек-тізімі” және “Украина мен Ресей арасындағы даулы мәселелер аясын тарылту жөніндегі нұсқаулық” деп атады.

Cаясаткерлердің айтуынша, Рубио олардың өтініші бойынша қоңырау шалып, сөйлесудің егжей-тегжейін жариялауға рұқсат берген. Мемлекеттік хатшы бұл құжат — президент Дональд Трамптың арнайы өкілі Стивен Уиткофф алған ресейлік ұсыныс екенін айтқан-мыс. АҚШ делдал ретінде әрекет етіп, жоспарды украин тарапына беруі тиіс болған. “Мақсат — қазір жаңалықтарда жария талқыланып жатқан нәрсені алып, украиндарға оған жауап беру мүмкіндігін ұсыну”, — деп келтіреді Раундстың сөзін америкалық Politico газеті.

Сонымен бірге, әңгіме барысында Рубио Трамптың, егер Украина ұсынылған жоспардан бас тартса, әскери көмек пен барлау деректерін беруді тоқтату жоспарлары туралы білмейтінін де атап өткен-мыс.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу