Желіде қазақ өнерінің майталманы, белгілі актер Асанәлі Әшімовтің немересін ұзатып тұрған сәтінен бейнежазба тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz.
TikTok-та жарияланған видеода актер немересін келешек жұбайының қолына табыстап тұрғаны көрінеді. Көпшілік пікір білдірушілер бұл – марқұм ұлы Сағидың қызы екенін жазуда.
"Ағамыздың Сағидан қалған бір қыз, бір ұл немересі бар. Сол өзінің немересін ұзатып жатыр", "Шалдарға не болып барады", "Мына шал алжасты ма деп ойлап қалдым", "Осындай ұлы адамның ұрпақтары өз салт-дәстүрлерін ұмытып жатқаны өкінішті", "Қазір ештеңеге таңданбайтын болдық", "Папасы өмірде жоқ, атасы ғой не істейді", "Бұлар қазақ дәстүрін біле ме", "Қазақта қызды жеңгелері береді", – деді олар.