Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сәкен Майғазиев жаңа қызметке тағайындалды

Спорт
Сәкен Майғазиев жаңа қызметке тағайындалды
"МузАРТ" тобының әншісі Сәкен Майғазиев «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директорының міндетін атқарушысы болып  тағайындалды.
Сәкен Қордабайұлы 1975 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген.
1993 ж. Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжінде «Соқпалы аспаптар және эстрада әншісі» бөлімі бойынша білім алған.
1997 ж. Т.Жүргенов атындағы «Өнер» академиясының «Эстрада әншісі» бөлімі бойынша білім алған.
2001 жылдан бастап «МузАРТ» тобының мүшесі болып тағайындалды.
2012 жылдан бастап - Ж.Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінде ұстаз қызметін атқарды.
2018-2020 жж. аралығы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметін атқарды.
Сәкен Қордабайұлы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу