Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Самбодан Азия чемпионаты: Кадеттер арасында Қазақстан құрамасы бірінші орын иеленді

Спорт
Самбодан Азия чемпионаты: Кадеттер арасында Қазақстан құрамасы бірінші орын иеленді

Ташкент қаласында спорттық самбодан кадеттер арасында Азия және Тынық мұхит чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік өнер көрсетті. 


Ұлдар арасында Шоқан Уәлихан (46 кг), Дінмұхаммед Лесбеков (49 кг), Бекжан Тұрсынбеков (58 кг), Нұрсұлтан Әбдіразақов (71 кг) алтын медаль алды.

Сондай-ақ Асқар Әділбеков (53 кг), Арқар Бақытжан (64 кг), Аян Иманқұл (88 кг) және Ермұрат Нұрахметов күміске қол жеткізді.

Қыздардан Бақнұр Әбдешова (41 кг), Зере Талғатқызы (44 кг), Қаншайым Тұрдыбай (54 кг), Аружан Дауымбаева (65 кг) қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды.

Оған қоса Айсұлу Алшынбай (47 кг), Шариз Бұралқинова (59 кг) күміс, Жанел Сарқытбек (50 кг), Гүлсезім Жанәбіл (72 кг), Арайлым Таңғатарқызы (+72 кг) қола медальға ие болды.

Жалпыкомандалық есепте қазақстандық кадеттер бірінші орынды жеңіп алды.

Фото: Sambo.qazaqstan/instagram

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу