Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Шатуновтың стилінде»: Jazzdauren жаңа әнінің шығу уақытын атады

Шоу-бизнес
«Шатуновтың стилінде»: Jazzdauren жаңа әнінің шығу уақытын атады

Jazzdauren лақапатымен танымал қазақстандық әнші Жандәурен Абылаев жаңа әнінің шығатын уақытын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында жазды.

Достар, келесі аптада жаңа әнім жарыққа шықты, - деді өнер иесі.

Сонан соң ол жаңа туындысының атауы мен күнін жариялады.

«Первая любовь» әнін 2024 жылғы 2 тамызда тыңдауға болады.

Ал пікір білдірушілер әншінің туындысын асыға күтіп жүргенін жазған.

«Жарайсың! Авторларыңа керемет әндер үшін рахмет!», «Адамдар қарапайым әндерді сағынып қалды. Керемет!», «Әр әнінің мағынасы бар, әуені де жақсы. Шығармашылық табыс тілеймін. Алған бағытыңнан тайма», «Әр әні хит қой», «Дауысының тембрі ерекше. Юрийге ұқсайды. Халыққа да ұнайды», - деп жазды көпшілік.

Фото: Instagram.com/jazzdauren

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу