freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сауле Базарханның қайтыс болуына қатысты медициналық мекеме мәлімдеме жасады

Оқиға
Сауле Базарханның қайтыс болуына қатысты медициналық мекеме мәлімдеме жасады
instagram.com/saule_bazarkhan

Белгілі блогер Сауле Базарханның жеке клиникада қайтыс болуына қатысты медициналық мекеме алғаш рет ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Клиника Instagram парақшасында арнайы хабарлама жариялап, марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Мәлімдемеде Сауле Ермахановаға (Базархан) қатысты жағдай ұжым үшін де ауыр оқиға екені баяндалған. 

«Бұл - біз үшін де ауыр жағдай. Біз оны терең адамгершілік жанашырлықпен және құрметпен қабылдаймыз. Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша заңнамада қарастырылған барлық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Дәрігерлік құпияны сақтау қажеттілігіне, пациенттің отбасына құрмет білдіруге, сондай-ақ жүргізіліп жатқан шаралардың объективтілігі мүддесіне байланысты клиника ресми процедуралар аяқталғанға дейін оқиғаның мән-жайы мен медициналық деректеріне қатысты жария түрде пікір білдіруді мүмкін емес деп санайды», - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ клиника қажет болған жағдайда қосымша ақпарат ресми парақшаларында жарияланатынын мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу