freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шахтинскіде әдейі өрт қойды деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды

Оқиға
Шахтинскіде әдейі өрт қойды деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды
instagram/vkyrse_shakhtinsk

Шахтинск қаласында тұрғын үйдегі газ баллонының жарылуынан кейін туындаған өрт фактісі бойынша бөтеннің мүлкін қасақана жою бабымен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталған. Қазіргі уақытта ол қалалық ауруханада арнайы палатада күзетпен жатыр. Емдеу аяқталғаннан кейін оны уақытша ұстау изоляторына қамау жоспарланып отыр.

Айта кетерлігі, оқиға пәтерлердің бірінде газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан болған, содан кейін өрт шыққан. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап, адамдардың бір бөлігі ғимараттан өз бетімен шыққан. Оқиға салдарынан сегіз адам зардап шекті, олардың арасында полиция қызметкерлері де бар.

Өрт шамамен 40 шаршы метр аумақта сөндірілді. Тұрғындарға уақытша орналастыру және жылыну мүмкіндігі ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта болған жайттың барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті түрде анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Шахтинск қаласында 5 қабатты үйде төтенше жағдай болып, бес полицей мен үш тұрғын зардап шеккені туралы жаздық.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу