freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шахтинскте өрт: екі жасөспірім күйік алды, біреуі қаза болды

Оқиға
Шахтинскте өрт: екі жасөспірім күйік алды, біреуі қаза болды
Фото: gov.kz

Шахтинскіде гараждағы өрт салдарынан бір жасөспірім қаза тауып, тағы екеуі күйік алды, деп хабарлайды Malim.kz.

«2026 жылғы 19 мамырда сағат 20:27-де Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы Молодежная көшесінде орналасқан гараждардың бірінде өрт шықты. Гараж ішіндегі шатырдың ағаш қаңқасы, қолданылған заттар және екі мотоциклдің жанғыш бөліктері өртенген. Жалпы өрт аумағы 20 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіру барысында 2008 жылы туған жасөспірімнің күйіп кеткен мәйіті табылды. Сондай-ақ күйік белгілері бар 2008 және 2009 жылы туған екі жасөспірім жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады сәрсенбі күні Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

ТЖД мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелген.

Ведомствоның алдын ала нұсқасына сәйкес, гараж ішінде бензинді құю кезінде ашық от көзінің әсерінен жанғыш сұйықтық булары тұтанып кеткен.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу