Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Саясаттанушы: Праймеризде асығыстыққа салынбаған жөн

Саясат
Саясаттанушы: Праймеризде асығыстыққа салынбаған жөн

"Нұр Отан" саяси кеңесінің бюросы өз отырысын 28 тамызға ауыстырғаны белгілі. Саясаттанушы Расул Жұмалы оның себебін былай деп түсіндірді:

"Негізі, кез келген ресми жиынның маңызы құр басқосумен емес, нәтижемен өлшенуі тиіс. Олай болса аталған шешім ойға қонымды көрінеді. Кеше ғана премьер-министр Асқар Мәминге елдегі әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, жаңа жұмыс орындарын ашу жайлы нақты тапсырмалар жүктелді. Бюро отырысы алдында осы басымдықтар пысықталып үлгеруі тиіс. Сондай-ақ "Нұр Отан" праймеризіне де қатысамын деген үміткерлерді тіркеу 28 тамызда мәресіне жетпек. Тек алғашқы аптада оған 7 мың азаматтан өтініш келіп түскен. Бұл қоғамда осы науқанға деген қызығушылық пен үмітті білдіреді. Ал енді праймериздің барысын талқылау, оның әділ жүруін қамтамассыз ету үшін де асығыстықа салынбаған жөн. Айналып келгенде сайлауалды бағдарлама иә праймеризде ең лайықты деген азаматтарды іріктеу бола ма, оларға деген халықтың сенімін ояту ісінде шикілікке жол бермеу керек", - дейді саясаттанушы. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу