freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Семейде көліктің ішінен екі адамның мәйіті табылды

Қоғам
Семейде көліктің ішінен екі адамның мәйіті табылды
Tengrinews.kz

Семей қаласының шетінде Газель маркалы көліктің ішінен екі адам өлі табылды. Бұл ақпаратты Абай облысы Полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Malim.kz Massaget.kz сайтына сілтеп. 

Оқиға орнына шұғыл түрде полиция қызметкерлері мен жедел қызмет өкілдері жеткен.

"Алдын ала мәліметке сәйкес марқұмдар көлік салонында болған. Көлік оталып тұрған және ішінен жабылған. Дене жарақаты мен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Алдын ала болжам бойынша өлімнің себебі - улы газдан улану", - деп жазылған полицияның редакцияға берген жауабында.

Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданбақ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу