Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шенеуніктердің автокөліктері қысқартуға ұшырайды

Сұқбат
Шенеуніктердің автокөліктері қысқартуға ұшырайды

Шенеуніктердің өзі болмаса да автокөліктері қысқартуға ұшырайтын болды. Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ мемлекеттік органдарға арналған қызметтік автокөліктердің санын азайтуды тапсырды.

«Мен Үкіметке Президенттің іс басқармасына мемлекеттік органдардың басшыларын қызметтік автокөліктермен қамтамасыз етудің жаңа жүйесі туралы ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Олар елеулі қысқартуды қажет етеді», - деді Тоқаев.

Былтыр президент шенеуніктер санын 25% қысқартуды да тапсырған. Парламенттің қос палатасынын алдында халыққа жасаған жолдауында айтқан еді. Енді шенеуніктер армиясының гараж-гараж автомашиналарынан кететін қаржыны үнемдеу керек дейді.

«Осылайша, орташа есеппен алғанда бір автокөлікке техникалық қызмет көрсетуге жылына 6 миллионнан астам теңге жұмсалады. Бірқатар елде жеке көлік құралдарының орнына ақшалай өтемақы төлеу тәжірибесі енгізілген. Бұл тәсіл «Самұрық-Қазына» қорында сәтті сынақтан өтті. Бұл қызметтік көліктердің санын едәуір қысқартып, әкімшілік шығындарды 1,5 миллиард теңгеге азайтуға мүмкіндік берді», - деді мемлекет басшысы.

Фото: kaznews.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу