Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шерзат Болат ісі: Сотталғандардың бірі бостандыққа шықты

Қоғам
Шерзат Болат ісі: Сотталғандардың бірі бостандыққа шықты

Шерзат Болаттың өліміне қатысты сотталғандардың бірі Думан Ысқақ бостандыққа шықты, деп хабарлайды Malim.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы марқұм Шерзат Болаттың ісін жүргізген адвокат Мейірман Шекеев мәлімдеді.

Думан Ысқақ кәмілеттік жасқа толмаған 434-бап, яғни ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған еді. 

Бірінші сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеп қойғандықтан Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұсабекованың  2025 жылғы 23 шілдедегі сот қаулысымен бұлтартпау шарасы жойылып, Ысқақ қамаудан босатылды, – деді Шекеев.

Тергеу изоляторында өткізген уақыты жаза мерзіміне есептеліп, ол жазасын өтеп шықты.

Айта кетейік, 5 маусымда Талғарда кісі қолынан мерт болған жасөспірім Шерзат Болаттың ісі бойынша сот процесіне нүкте қойылды.

Фото: видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу