«Алты айлығымда аузыма атақты ақын түкірген». Төреғали Төреәлі ырымның қасиетін айтып берді

Әншінің айтуынша, бұл ырым ел ішінде әлі де жасалады

Сабина Асқарқызы

  • 26.06.2024

Танымал жұлдыз Төреғали Төреәлі ауызға түкіру ырымының қадір-қасиеті туралы ойын бөлісті. Өнер иесі өзінің аузына танымал ақынның ырымдап түкіргеніне тоқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Төреғали Төреәлі аты аңызға айналған, ел таныған ақындар мен шешендер, дуалы ауыз билер мен ақсақалдарға сәбидің аузына түкіртіп алу ежелгі дәстүрлі ырымдардың бірі екенін айтады.

Төнеу күнгі түнгі кездесу! Сұрақтың көбі "түкіру" туралы болды. "Қазақтың "баланың аузына түкіру" ырымы ауызға ауыз қуысынан бөлінетін сұйықтықты құйып беру дегенді білдірмейді. Тек атақты, беделді, білімді азаматтар ырымын жасап, баланың аузына түкіргендей қимыл жасайды. Ол бар болғаны сенім. Баланың ата-анасы өтініш жасап, ол да сол адамдай болсын деп ырымдайды ғой.

Әншінің айтуынша, бұл сенім ырымы болғандықтан ел ішінде әлі де жасалады және жиі айтылады. Оның орындалуы, ишара түрінде, ауызға түкіру нышаны ғана жасалады.

Халқымыздың ырымы және сенімі бойынша жоғарыда аталған адамдардың қасиеті мен өнері сәбилер мен жас балаларға қонады деген түсінік болған. Бұл кейін балаға да, оның ата-анасына да әсер еткен және оны мақтаныш тұтқан. Мысалы белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаевтың аузына ақын Мағжан Жұмабаев түкірген. Аталған ырым - халық салт-дәстүрінде үлгі, тәрбие құралы ретінде жүргенін әр ата-ана есте ұстаған жөн. Алты айлығымда менің аузыма атақты ақын Қайыпназар Әйтпенов түкірген екен. Мен одан атақты ақын болып кеткенім жоқ, жәй ғана аузыма шалдың дәмі келеді, десең. Қалжың ғой. Әлі күнге дейін мақтанышпен айтып жүремін. Бейберекет түкіре бермеңіздер, бізге де түкірте бермеңіздер, қазір заң бар! - деп жазған әнші.

Фото: instagram.com/toregalitoreali

Байланысты жаналықтар

«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

16.04.2025

«Тойымды ішіп алып жүргізді»: желіде Нұржан Төлендиевтің менмендігі сөз болды

16.04.2025

«Сембек екеумізге арнап жазылған»: Мақпал Жүнісова хит әннің шығу тарихын айтып берді

15.04.2025

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

15.04.2025

«Жоспарды өзгерттік»: Ерке Есмахан жыл тойын кейінге қалдырғанын айтты

15.04.2025

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

14.04.2025
MalimBlocks
«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

Алматылық оқытушылардың бірі депутатқа хат жазып, жағдайды баяндаған

«Тойымды ішіп алып жүргізді»: желіде Нұржан Төлендиевтің менмендігі сөз болды

Көпшілікке оның өзін-өзі ұстауы ұнамаған.

«Сембек екеумізге арнап жазылған»: Мақпал Жүнісова хит әннің шығу тарихын айтып берді

Бұл туынды алғаш рет 1983 жылы орындалған.

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

Актриса 37 жасқа толды.

«Жоспарды өзгерттік»: Ерке Есмахан жыл тойын кейінге қалдырғанын айтты

Өнер иесі дүркіретіп той жасаймын деген еді.

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

Ол тыңдарманына алғысын жеткізді.