Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов қамауға алынды

Айыпталушы ұшақ бортында мас күйінде әдепсіз сөздер айтқан.

Сабина Асқарқызы

  • 28.06.2024

Ұшақ бортында мас күйінде әдепсіз сөздер айтқан адам жазаланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысына сәйкес, айыпталушы - әзілкеш Тұрсынбек Қабатов. 

Астана қалалық Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыпталған адамға қатысты істі қарады (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі).

Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы ұшақ бортында мас күйінде әдепсіз сөздер айтқан.

Сотта ол стюардессалардың нашар қызметіне көңілі толмайтынын айтып, оларға өз ескертуін білдірген. Ол өзінің әдепсіз сөз айтқаны немесе айтпағаны есінде жоқтығын алға тартқан, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұраған.

Куә (аға стюардесса) құқық бұзушының ұшақ бортында мас күйінде болғанын және әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзғанын растаған.

Құқық бұзушының кінәсі куәнің айғақтарымен, жолаушыны полицияға беру актісімен, бейнежазбамен және медициналық сараптама қорытындысымен расталады.

ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінің санкциясында 20 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу көзделген.

Сот жасалған іс-әрекеттің көлемі мен сипатын, қоғамға теріс әсер ететін және қоғамды сыйламаушылықты көрсетуге бағытталған, лайықсыз мінез-құлықпен көрінетін құқыққа қарсы мінез-құлықтың жалғасуын ескере отырып жаза тағайындады.

Айыпталушы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол әкімшілік жазаға тартылды - 5 тәулікке қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025

Талғар ауданында атыс болды

09.05.2025

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

06.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді

Талғар ауданында атыс болды

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

Алматыда полицей балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірді