«Ажырасу – кіші өлім»: актер Нұрсұлтан Жақсыген жан сырын ақтарды

Ол балаларсыз үйі қаңырап қалғанын алға тартты

Сабина Асқарқызы

  • 20.01.2025

Жақында ғана отбасымен ажырасып кеткен актер Нұрсұлтан Жақсыген жан сырын ақтарып, әйелін сағынғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz

Бұл туралы ол «Менің өмірім» бағдарламасына берген сұхбатында жеткізді.  

Актер отбасының аяқасты екі жаққа кеткенін және бала-шағасыз үйінің қаңырап қалғанын айтып, жан сырын ашты.

Біз бақытты отбасы болдық. Бір түсініспеушіліктен осылай болып кетеді деп ойламадым. Кейде кінәні өзімнен де бар деп ойлаймын. Күні-түні түсірілімде боламын, үйге кеш келемін. Әйеліме көп көңіл бөле алмадым. Ол үйде ата-анам мен бала-шағаны қарайды. Сол сәттерде жанына медет бола алмағаным да бар шығар. Соның бәрі Фаризаның (әйелі – еск.) ішінде жинала берген болар. Бәрі бір күнде атылып шыққанда мен де түсінбей қалдым. Соңы осылай болып кетеді деп ойламаппын, деді Нұрсұлтан Жақсыген. 

Актер қазір ата-анасынан бөлек кетіп қалғанын айтты. Бұл шешіміне балаларынсыз қаңырап бос қалған үйді күнде көруі қатты әсер еткен. 

Мен қазір бөлек пәтерге көшіп кеттім. Үлкен үйде ата-анам ғана қалды. Арасында барып тұрамын, бірақ ол үйдің әр бұрышына қараған сайын жүрегім ауырады. Әр бөлмеде балаларымның сыңғырлаған күлкісі естіліп, жанымды жаралайды. Бұрынғыдай жұмыстан күтіп алатын, шайымды беретін, шүйіркелесіп әңгіме айтатын жарым да жоқ. Әр бұрыштан әр сәт есіме түсіп, жанымды жегідей жейді. Өте ауыр. Ажырасу – кіші өлім. Фариза қазір Астанада. Екі рет барып сөйлесіп көрдім. Екеуінде де бетімді қайтарды. «Балаларыңды көріп тұр, бірақ енді қосылмайық» дегенге келтірді, деді ол көзіне жас алып. 

Актер әйелі Фаризадан тағы бір мүмкіндік беруін сұрады.

Фариза, егер мені көріп отырған болсаң, отбасы тек екеумізге керек екенін айтқым келеді. «Ер кезегі үшке дейін» дейді ғой. Елдің сөзіне мән берме. Балаларымыздың бақыты үшін бірге болуымыз керек. Оралшы!, деді актер.

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

Әйкерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

08.04.2025

«Арам пиғылын алдын ала жоспарлады»: Шәріп Серіктің анасы мәлімдеме жасады

08.04.2025

6 ай қалды: Қожаны сомдаған Нұрлан Сегізбаевтың қандай ауруға шалдыққаны белгілі болды

05.04.2025

Қазақстандық танымал актер қамауға алынды

04.04.2025

Қызды ұрып-соқты деп айыпталған актер Шәріп Серік видео жариялады

04.04.2025

«Ол қол көтеретін жігіт емес»: Say Mo бұрынғы күйеуі Шакентидің видеосынан соң мәлімдеме жасады

04.04.2025
MalimBlocks
Әйкерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

Ол Нұрлан Әлімжанмен вальс билеген видеосын жариялады.

«Арам пиғылын алдын ала жоспарлады»: Шәріп Серіктің анасы мәлімдеме жасады

Ол бойжеткеннің болған оқиғадан соң неліктен араға екі ай салып арызданғанын түсінбейтінін айтты.

6 ай қалды: Қожаны сомдаған Нұрлан Сегізбаевтың қандай ауруға шалдыққаны белгілі болды

"Менің атым Қожа" фильмінің басты кейіпкері ауыр дертке шалдыққан

Қазақстандық танымал актер қамауға алынды

Қызды ұрып-соқты деп айыпталған актер Шәріп Серік видео жариялады

Актер Шәріп Серік кешірім сұрап, видео жариялады

«Ол қол көтеретін жігіт емес»: Say Mo бұрынғы күйеуі Шакентидің видеосынан соң мәлімдеме жасады

Әнші қыз ажырасқанда талай айыптаулар естігенін айтты.