«Еркек қыз боп кеттік»: Мақпал Жүнісова көпшілікті күлкіге қарық қылды

Оқырман әншіге еркелеп жүре беруін тілеген.

Сабина Асқарқызы

  • 04.10.2024

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова танымал журналист Дина Төлепбергенге сұхбат беріп, оқырманын күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мақпал Жүнісова өзінің Instagram-дағы парақшасында бұл сұхбаттан үзінді жариялады. Дина Төлепберген өнер иесімен блиц-сауалнама ұйымдастырып, бірнеше сұрақ қойды.

Бойыңызда қайсысы көп, өнер ме, әлде нәзіктік пе? – деп сұрады Төлепберген.

Жүнісова бойында өнер басым екенін жеткізді.

Өнер. Қазір нәзіктікті ұмытып кеттік қой. Ерке қыз емес, еркек қыз боп кеттік, – деп күлді Мақпал Жүнісова.

Оқырман қауым да әншінің бұл сөзіне разы болып, оған еліне еркелеп жүре беруін тілеген. 

«Мақпал, сіз шынайы, адал, тамаша жансыз. Аллам дәрежеңізді көтерсін!», «Аузын ашса, жүрегі көрінеді» деген сөз тура Мақпал ханымға арналған сияқты», «100 жасаңыз, күлкіңізбен, өнеріңізбен халықтың ортасында еркелеп жүре беріңіз», «Әзілі де, күлкісі де жарасып тұр, осылай жарқырап, күліп, еркелеп жүре беріңіз, Мақпал апай», - деп жазды көпшілік.

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген