Клипмейкер Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмаханның неге араздасып қалғанын айтты

Төреғали Төреәлі видеоны өшіруді сұраған.

Сабина Асқарқызы

  • 18.06.2024

Қазақстандық клипмейкер әрі әзілкеш Парасат Ибраев «ТОП-3» бағдарламасында «Алло» әніне бейнебаянның түсірілімінде қандай қиындықтар болғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмаханның дуэті жайлы ойын бөлісті.

Ибраевтың сөзіне қарағанда, «Алло» әніне бейнебаян жарыққа шыға сала көрерменнің ыстық ықыласына бөленген, тиісінше YouTube-тегі қаралым жағынан жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Алайда әртістердің өзара араздасып қалуы түсірілім тобының жұмысына кедергі келтірген.

«Алло» бейнабаяны өзіме қатты ұнаған жоқ, оны түсіру кезінде де көптеген қиындық болды. Ерке мен Төреғали ренжісіп қалды, екеуінің де бойдақ кезі ме екен, есімде жоқ. Бейнебаянның соңында Ерке мен Төрештің кездесетін жері бар. Сол сәтті түсіріп жатқанда, екеуі қырылып қалып, жобаны жалғастырмаймыз деді. Төреғали: «Парасат, бәрін өшіріп таста, ақшаңды төлейміз, уайымдама», - деді. Келістім де бірақ өшірген жоқпын. Бір айдан соң Төреш хабарласып, видео туралы сұрады. Мен өшірмегенімді айтып ем, ол «онда шығарайық» деді. Монтажын аяқтап, тапсырдым. Екеуіне де ұнап, сосын шығардық. Бір айдың ішінде қаралымы 5 миллионнан асты, бұл сол кездегі рекорд болатын, - деді Парасат Ибраев.

Фото: instagram.com/erke_esmahan 

Байланысты жаналықтар

«Ондай мүмкіндіктер жоқ еді». Фариза Төреәлі бала күніндегі армандарының орындалғанын айтты

25.04.2025

Түркияда ем қабылдап жатыр: Төреғали Төреәлінің жағдайы белгілі болды

23.04.2025

«Жоспарды өзгерттік»: Ерке Есмахан жыл тойын кейінге қалдырғанын айтты

15.04.2025

Фариза Төреәлі күйеуімен қалай танысқанын еске алды

14.04.2025

Төреғали Төреәлінің қарындасы үйінен үлкен көлемде ақша ұрланғанын айтты

17.03.2025

«Клоны шығар». Асабаның Ерке Есмаханмен түскен суреті қызу талқыға түсті

11.03.2025
MalimBlocks
«Ондай мүмкіндіктер жоқ еді». Фариза Төреәлі бала күніндегі армандарының орындалғанын айтты

Ол бала күнінен қиялдағанды жақсы көретінін алға тартты.

Түркияда ем қабылдап жатыр: Төреғали Төреәлінің жағдайы белгілі болды

Бұл туралы Той ұйымдастыру орталығының директоры Әділет Байнашов жазды

«Жоспарды өзгерттік»: Ерке Есмахан жыл тойын кейінге қалдырғанын айтты

Өнер иесі дүркіретіп той жасаймын деген еді.

Фариза Төреәлі күйеуімен қалай танысқанын еске алды

Блогер оның таза көңіліне ғашық болыпты.

Төреғали Төреәлінің қарындасы үйінен үлкен көлемде ақша ұрланғанын айтты

Дина Төреәлі бір күнде екі  бала күтушісін жұмыстан босатты

«Клоны шығар». Асабаның Ерке Есмаханмен түскен суреті қызу талқыға түсті

Сурет 2004 жылы түсірілген.