«Күйзелісте көзің көрмей қалады». Балжан Бидаш ажырасуға қатысты шындықты айтты

Әнші жарысқан соң өмір тоқтап қалмайтынын айтады.

Сабина Асқарқызы

  • 24.06.2024

Қазақстандық әнші Балжан Бидаш Instagram-дағы «Сұрақ-жауап» айдарында актер әрі продюсер Жаһан Отарғалиевпен ажырасуы туралы сауалға нүкте қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқырманының бірі әншіден ажырасқан соң әрі қарай не істеу керектігін сұраған.

Ажырасқан соң өмір бітіп қалмайды. Ол адамды кезіктірмей қалай өмір сүрдіңіз, солай өмір сүре беріңіз. Бірақ одан да жақсы өмір сүресіз. Өзіңізді жақсы көрмей тұрып бүкіл өміріңді, өзіңді біреуге арнап тастасаңыз, өзімді жоғалттым дей беріңіз, - деп жауап берді өнер иесі.

Тағы бір оқырманы Балжан ажырасқан соң мінезінде, өз-өзін ұстауында қатты өзгеріс байқалатынын жазған.

Шыны керек, осы сұрақтан шаршадым. Бүгін нүктесін қояйықшы. Кім болсын үйленіп жатқанда кейін ажырасып кетемін деп ойлаймайды. Соңына дейін сол жанмен бақытты боламын деп ойлайды. Тағдыр жазбаған. Қарым-қатынасымыз тоқтау керек екен, тоқтады.

Ажырасу кімге де болсын оңай соқпайды. Күйзелісте болғанда көзің көрмей қалады. Үй, дала қараңғы көрінеді. Маған да моральдық тұрғыда оғай болған жоқ. Психолог жағаламадым, тек күйзелісте жүріп уақыт жоғалтып алмас үшін болашаққа жоспар құрдым. Жұмысымды қайта қолыма алдым. Табыс табуға кірістім. Аяқтан тұру үшін бизнес-тренингтерге бардым. Сол кезде бір коуч ақыл-кеңесімен алға жылжуға шабыт берді. Осындай кезде жақындарың, жаныңда дұрыс ақыл айтатын, жол көрсететін, қолдау көрсететін адамдардың болғаны маңызды, - деді Бидаш.

Фото: instagram.com/bidash_official

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

06.05.2025

Нұрлан Еспановтың ұлы мешітте неке қидырды

06.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025
MalimBlocks
Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

Жиын барысында қыз баланың инабаттылығы, киімі мен жүріс-тұрысы туралы уағыз-насихат айтылған

Нұрлан Еспановтың ұлы мешітте неке қидырды

Жас жұп бұл ерекше сәтке есте қалатын ерекше күнді арнайы таңдаған

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған