«Мені өзіңмен салыстырма»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі актердің жазған хатын көрсетті
Ол 100 млн теңгелік үйі барын айтқан.

Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі, блогер Фариза Алмаз жеке өміріндегі жаңалықтарды бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.
Желі жұлдызы таңғы сағат 4-те бұрынғы күйеуінің жазған хатын жеке парақшасында жариялады.
Өзіңнің үйің жоқ, күйің жоқ, жүрсің. Әке-шешеңмен біргесің. Мені өзіңмен салыстырма. 100 миллион теңгелік үйім бар, деп жазған актер.
Еске салайық, Нұрсұлтан Жақсыген эфирде бұрынғы әйелінен кешірім сұрап, қоңырау шалған еді.
Отбасын сақтап қалу – әрбір ер-азаматтың міндеті. Қателескен жерлерім болса, кешірім сұраймын. Халықтың алдында, өз ата-анамның, ол кісінің ата-анасының алдында кешірім сұраймын. Алла қаласа, отбасымды сақтап қалуға бар күшімді салуға тырысамын, деген еді ол.
Фото: zhaksygennursultan